Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балық басынан шіриді": Қайрат Құдайберген министрліктің жұмысына ескерту жасады

Опубликовано:

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматыдағы блок бекетте орын алған алған жағдайға байланысты ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды. Ол Ерлан Тұрғымбаевқа жаңа реформа жасау туралы кеңесін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: кәсіпкердің жеке парақшасы және polisia.kz
Фото: кәсіпкердің жеке парақшасы және polisia.kz: Instagram

Бұл туралы кәсіпкер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Балық басынан шіриді. Кеше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы блок бекетте орын алған қайғылы жағдайға байланысты Ішкі істер департаменті басшысына және оның бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жариялап, тағы 3 қызметкерді жұмысынан босатты.

Бір түсінбейтінім, бұл жағдай министрліктен неге ертерек бақылауға алынбады? Сіздерде әрдайым мониторинг жүргізіліп тұрады (солай деп сенейін), аймақтар бойынша тексеріс жұмыстары болады. Сонда нәтижелер қайда?

  • Бір жағдай орын алғанан кейін ғана қолға алатыны мені қынжылтады. Алдын-алу шаралары неге жүргізілмейді?
Іс насырға шаппай тұрып Ішкі істер министрлігі барлығын өз бақылауына алуы керек қой, бізге, шыны керек, ІІМ жүйесіне нақты реформа қажет", - деді ол.

Сонымен қатар Қайрат Құдайберген елдегі есірткі мәселесін де көтеріп, осымен күресіп жатқан полиция бөлімдерін сынның астына алды.

"Ал Тұрғымбаев мырзаға жаңа реформаны қазірден бастап қолға алу туралы кеңес беремін, әйтпесе бұл істі сіздің орныңызға келетін жаңа министр қолға алатыны анық", - деді кәсіпкер.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Осыдан кейін күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде түрлі деректер шықты. Оның тәртіп сақшысы болғандығы да айтылды.

Осыған байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірі, жантүршігерлік жол апатына күдікті - полиция қызметкері деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ал кеше құзырлы орган жол апатына кінәлі азаматтың бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін растады. Департамент күдіктінің осыған дейін өз қызметіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857817-balyk-basynan-siridi-kajrat-kdajbergen-ministrlikti-zmysyna-eskertu-zasady/

pixel