Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз еркек": Мөлдір Әуелбекова жолдасын құшақтап отырған видеосын жариялады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жолдасымен түскен видеосын жариялап, желіні шулатты. Көпшілік жас жұбайларды қызу талқылап, өнер иесінен екінші күйеуінің түрін көрсетуін сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мөлдір Әуелбекова мен оның жолдасының видеосын "Назар" тобындағы әнші ару түсірген болып шықты.

Ол Нұр-Сұлтан қаласына барып, өнердегі әпкесі мен жездесімен қауышып қайтқан.

Ая Есімова алдымен "екі дүркін ормалды" болған эстрада жұлдызының қолынан шай ішіп, артынан ерлі-зайыптылармен бірге серуендеуге шыққан.

Жас әнші әпкесі мен жездесіне сүйсініп, Instagram парақшасында олардың көлікте құшақтасып отырған видеосымен бөліскен.

Бейнежазбада Мөлдір Әуелбекова көліктің артқы жағынан жолдасын құшақтап отырғанын байқауға болады. Айта кетерлігі өнер иесі толығымен жабық киім киіп алған.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова жақында тұрмысқа шыққанын хабарлаған болатын. Әнші екінші рет келін атанғанын барша жанкүйерлерімен бөліскен.

Желі қолданушылары Әуелбекованың сүйіктісі пайда болғалы өмірінде түбігейлі өзгерістер орын алып жатқанын байқады. Ол алдымен парақшасындағы барлық фотоларды өшіріп тастап, енді хиджаб кие бастаған. Желіде оның тек жабық киімдегі образдары мен сүйіктісімен түскен суреттері ғана бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857812-nagyz-erkek-mldir-uelbekova-zoldasyn-ksaktap-otyrgan-videosyn-zarialady/

pixel