Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздары оны әке дейді": Алтынай Жорабаева екінші күйеуін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева өзінен екі жас кіші күйеуін көрсетіп қойды. Әнші жолдасы мен қыздарының видеосын жариялап, қалың жұртшылықты таңғалдырған. Бейнежазбадан өнер иесінің қыздары анасының сүйіктісін әке деп атап жүргені белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алтынай Жорабаева отағасы бой көрсеткен видеосын Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде паш еткен.

Онда шоу-бизнес жұлдызының қыздары анасы мен оның сүйіктісінің төсегіне арнайы жазба қалдырып кеткенін байқауға болады. Олар қағазға "сүйікті әкеме" және "сүйікті анама" деп жазып қойған.

Көпбалалы әншінің жолдасы оның бірінші некесінде туған қыздарымен жақсы қарым-қатынаста болса керек. Оған дәлел ретінде өнер иесі тағы екі қысқа видео жариялады. Бейнежазбада отағасы Жорабаеваның екі қызын құшақтап тұрады.

Эстрада өкілінің бақытты отбасылық сәттеріне желі қолданушылары екі түрлі пікір білдірді.

Бірі әншінің жақын адамдарының тіл табыса кеткеніне қуанып жатса, енді бірі Сәбит Әбдіхалықовтың қыздарының өзге ер адамды әке деп атап кеткеніне қатты таңғалған.

"Бақытты болыңыз. Қыздарыңыз жолдасыңызды жақсы қабылдаған көрінеді" , "Сіз бақытты болуға лайықсыз" , "Қандай керемет отбасы, көз тимесін" , "Жатын бөлмеде түсіргені ерсілеу екен" , "Бәрібір өз әкесіндей болмайды", "Әке деп тым ерте атап кеткен жоқ па? Өз әкелері бар емес пе" , "Қызық екен бөтен адамды әке деген" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева екінші мәрте тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның жолдасы туралы оның келіні айтып қойған болатын. Талғат Жорабаевтың жары қайын әпкесі өзіне одан бетер жақындай түскенін астарлап жеткізді.

Кейін Алтынай Жорабаеваның өзі таңдауы өзінен екі жас кіші қостанайлық жігітке түскенін айтқан еді. Өнер иесінің ғашығы арғын руынан екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857801-kyzdary-ony-ke-dejdi-altynaj-zorabaeva-ekinsi-kjeuin-krsetti-video/

pixel