KZ
Атырау мұнай өңдеуші зауытына 10 миллион теңге айыппұл салынды
Новости Финансы

Атырау мұнай өңдеуші зауытына 10 миллион теңге айыппұл салынды

Расказать Вконтакте
Атырау мұнай өңдеуші зауытына 10 миллион теңге айыппұл салынды

 Ағынды суларын төккені үшін Атырау мұнай өңдеуші зауытына (МӨЗ) 10 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл жөнінде табиғатты қорғау прокуроры Сапар Тұрсынбековтың аға көмекшісі мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz. 

"Рейдтік тексеріс барысында АМӨЗ элеваторы мен Химауыл аудандарында орналасқан буландыру аулаларынан ағынды суларды төгу фактілері анықталды. Нәтижесінде залалды кір сулар 150 мың шаршы метр жерді басқан", - деді агенттік дереккөзі.

Жайық-Каспий экология департаменті табиғатты қорғау прокуратурасының шешімімен кәсіпорынға 8,65 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу үшін 1,3 миллион теңгенің шағымы ұсынылды.

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии