Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда Болат Бақауовқа сот үкімі шықты
Фото: pavlodar.gov.kz: Facebook

Бүгін Павлодарда Болат Бақауовқа қатысты ісі сотта қаралды. Павлодар облысының экс-әкімі процессуалдық шешімге келгендіктен, куәгерлерден жауап алынған жоқ, барлығы келісімді түрде өткен.

Прокурор кінәні мойындау туралы келісім шарттарын жариялағаннан кейін төрағалық етуші судья кеңесу бөлмесіне кеткен.

Сот үкіміне сәйкес, бұрынғы шенеуніктің 3,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Сонымен қатар ол мемлекеттік марапаттарынан және өмір бойына мемлекетік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды.

Сондай-ақ, экс-әкімге көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды. Бақауов жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

Айта кетейік, заттай дәлелдемелерде сақталған 10 мың доллар Бақауовқа қайтарылды.

Еске сала кетсек, осы жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған қатысты пікір білдіріп, 15 қаңтарда аймақ басшысына қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Біраз уақыттан кейін экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол үйқамаққа ауыстырылған еді. Бұған Болат Жұмабекұлының денсаулығының нашарлауы себеп болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857668-pavdlodarda-bolat-bakauovka-sot-kimi-sykty/

pixel