Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалың шашпен дүниеге келген балақай төрт жылдан кейін қалай өзгерді

Опубликовано:

2016 жылы қалың шашпен өмірге келген Джуниор Кокс Нунн әлемді өз суреттерімен таңғалдырған еді. Десе де бірі оның шаш үлгісіне тамсанса, енді бірі суреттердің шынайы екеніне күмән келтірген болатын. KAZ.NUR.KZ араға төрт жыл салып, дүниеге келе сала әлемге танылған балақайдың қалай өзгергенін назарларыңызға ұсынады.

Шаш үлгісі
Фото: facebook.com/JuniorCoxNoon: UGC

Бүгінде Джуниор Кокс Нуннның жасы 4-те. Біз оның осы жылдар бойы қалай өзгергенін еш қиындықсыз көре аламыз. Себебі оның анасы ұлының суреттерін желіге салып тұрғанды ұнатады.

Вigpicture.ru сайтының мәліметінше, Джуниордың анасы Челси Нун баласын алғаш рет қолына алғанда қатты таңырқап қалған. Себебі оның екі үлкен ұлы дүниеге келгенде шаштары болмаған.

Джуниормен бірге оның шашы да қарқынды түрде өсе берген. Екі айлық кезінде оның шашы одан әрі қалыңдап, кебуі қиындай түскен. Сол себепті анасы оған суық тидіріп алмас үшін шаш кептіргішті қолданыпты.

Челси ұдайы Джуниордың шаш үлгісін өзгертіп отыруға тырысқан. Ол баланы әркез суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап отырған.

Десе де 10 айболғанда Джуниор өзімен шамалас балалардан еш ерекшеленбеген. Себебі мұндай жаста көптеген балалардың шашы қалыңдап, өсе бастайды.

Балақай бір жасқа келгенде оның сырт келбеті толығымен өзгерді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінбір-біріне мүлде ұқсамайтын егіздердің көпшілікті таңғалдырғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857659-kaly-saspen-dniege-kelgen-balakaj-trt-zyldan-kejin-kalaj-zgerdi/

pixel