Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда ерлі-зайыпты жаңа туған нәрестесін тірідей жерлеген

Опубликовано:

Үндістанның Гуджарат штатында ерлі-зайыпты қателесіп, жаңадан туған нәрестесін тірідей жерлеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

The Indian Express басылымының мәліметінше, сәбиді ертесіне көшеден өтіп бара жатқан жолаушы байқап қалған. Көршілерді шақырып, баланы жерден қазып алып, ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер нәрестені бірден таныған, ол жақында ғана осы мекемеде дүниеге келіпті. Сәби мерзімінен екі жарым ай бұрын туған. Емханада жаңадан туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімі болмағандықтан, дәрігер оның ата-анасына баланы жеке ауруханаға алып баруға кеңес берген.

Жолда сәби қимылдамай қойғандықтан, ата-анасы оны қайтыс болды деп жерлеуге шешім қабылдапты.

Құтқарылған нәресте жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда, өкінішке орай, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 8 сәуірінен 9-на қараған түні Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы жекеменшік үй отқа оранып, үш адамның мәйіті табылды. Тексеріс барысында келіншек пен кәмелетке толмаған екі қызды үйдің отағасы тірідей өртеп жібергені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857503-ndistanda-erli-zajypty-zaa-tugan-nrestesin-tiridej-zerlegen/

pixel