Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы блок-бекетіндегі апат: BMW жүргізушісі де полиция қызметкері болған

Опубликовано:

Кеше, 25-мамыр күні Алматы блок-бекетінде екі полиция қызметкерлерінің өмірін жалмаған жол апатына себепкер болған BMW жүргізушісінің құқық қорғау органдарына қатысы бар болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД: UGC

Белгілі болғандай, 1994 жылы туған азамат өз қызметтік міндеттеріне салғырттықпен қарағаны үшін полициядан шығарылған.

"Блок-бекетте орын алған жантүршігерлік жол апаты бірден екі полиция қызметкерінің өмірін қыршынынан қиды. Олар үшін құқық қорғау органдарындағы қызметі аса маңызды болған еді.

Алайда, ең өкініштісі - бұл жол апатына кінәлі жүргізушінің де кезінде погон таққаны. Ол полицияда алты жыл жұмыс істеп, өз қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға ие болған.

Сол себепті, ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Алайда, бұл жағдайдан кейін де ол өзі үшін дұрыс шешім қабылдамаған, сабақ алмаған.
Ер адам ауыр зардаптарын біле тұра заңды бұзып, рөлге мас күйінде отырып, қылмыс жасады" , - деді Алматы қаласының полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған еді.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Оған қоса, жол апатына тап болған үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857450-almaty-blok-beketindegi-apat-bmw-zrgizusisi-de-policia-kyzmetkeri-bolgan/

pixel