Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы блок-бекетіндегі жол апаты: Үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Оңтүстік астанада блок-бекетте бүгін таңертең болған жол апатының мән-жайы анықталды. Алматы қалалық полиция департаменті тағы бір тәртіп сақшысы жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы блок-бекетіндегі жол апаты: Үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: Алматы ПД: UGC

Оқиға салдарынан есірткі бизнесіне қарсы басқармада жұмыс істейтін полиция лейтенанты Ербұлан Сейдазым зардап шеккен. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жол апаты кезінде үшінші полицей көлікте болмаған: ол планшетпен база бойынша өтіп жатқан көлік құралдарын тексеріп тұрған.

"Ол бас жарақатымен 7- қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілді. Бас жарақаттары самай мен желке бөліктерінде. Бас сүйегі сынған болуы әбден мүмкін",- деді Алматы полиция департаменті өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіп сақшының қалай жарақат алғаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство күдіктінің мас күйде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол қамауға алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857347-almaty-blok-beketindegi-zol-apaty-sinsi-policej-zansaktau-bliminde-zatyr/

pixel