Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйел жүрегі тоқтап қайтыс болды

Опубликовано:

Коронавирус инфекциясын жұқтырып алған Ақтөбе тұрғыны қала ауруханасында көз жұмды. Алайда, бұл оқиға Қазақстандағы COVID-19 вирусынан орын алған өлімдер қатарына жатпайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қайғылы жағдай жөнінде "Мой город" өңірлік басылымына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтып берген.

Анықталғандай, науқас келіншек инфекциялық стационарда тек бір тәулік болып, кейін оның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер оны құтқару үшін барын салғанымен, жанын аман алып қала алмады. Әйелдің жүрегі тоқтап қалған.

"Клиникалық құбылыстар оның өкпе артериясының тромбоэмболиясы күрт нашарлап кеткенін растамақ. Ол коронавирус инфекциясымен байланысты емес. Науқас келіншекке ПЦР тест жасалынып, одан коронавирус анықталған болатын. Алайда, оның бұрыннан келе жатқан аурулары да болған. Ол жүрек-қан тамырлары ауырымен есепте тұрған" , - деді Әсет Қалиев.

Әсет Әскерұлы бұл өлім оқиғасын арнайы комиссия қарастыратынын айтты. Олар коронавирус инфекциясы әйелдің өліміне әсер еткен- етпегенін анықтайтын болады.

Айта кетейік, бұгінде елімізде коронавирустан 35 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857112-aktbede-koronavirus-zktyrgan-jel-zregi-toktap-kajtys-boldy/

pixel