Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантиндегі өнер: Отандық театрлар жұмысына пандемия қалай әсер етті

Опубликовано:

Отандық театр өкілдері 22 мамыр күні «Қазақстан театрлары және пандемия: қазіргі жағдайы мен болашағы» деп аталатын онлайн конференцияда жүздесіп, еліміздегі бүгінгі театрлық процесстегі мәселелерді алға тартты. «Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» ұйымдастырған кезекті жоба осы жолы да өз жұмысын сәтті орындады.

Отандық театрлардың онлайн жұмысы талқыланды

Конференция ұйымдастырушылары «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» президенті Анар Еркебай мен конференция модераторы, бірлестік мүшесі Амангелді Мұқанның айтуынша, карантиндегі «#үйдебол» ұстанымы аяқталып, бірер күннен кейін қалыпты жұмысқа оралатын күн жақын дегенмен, театр қайраткерлерін толғантар мәселелер сан алуан. Конференцияның басты мақсаты – қазақстандық театрлардың карантиндегі және посткарантиндік хал-жағдайын бағамдап, уақыт алға тартқан сұрақтарға барша театрлар қауымдастығымен жауап іздеу.

Отандық театрлардың онлайн жұмысы талқыланды

Бас-аяғы елу адам қатысқан онлайн конференцияда еліміздегі театрлардың дәл қазіргі хал-ахуалы, олармен бетпе-бет келген қиындықтар мен шешімі қиын мәселелері қозғалды. Атап айтар болсақ, күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мынадай тақырыптар көтерілді:

- Қазақстан театрларының жұмысына карантиннің тигізген әсері;

- спектакльді онлайн көрсетудің артықшылығы мен кемшіліктері, болашақ сандық түсірілімге қойылар талаптар;

- көрерменді залға қайтаруды жүзеге асыру жолдары;

- форс-мажорлық маусымның екінші жартысындағы өзекті мәселелер;

- фестивальдер кестелеріндегі өзгерістер, театрлардың репертуарлық саясаты.

Отандық театрлардың онлайн жұмысы талқыланды

Театр сыншылары, академиялық, мемлекеттік, ұлттық, облыстық театрлардың басшылары, көркемдік жетекшілері, режиссерлері мен басқа да мамандары бас қосқан онлайн жиын еркін форматта өтті. Қатысушылар өздерін толғандыратын мәселелермен қоса, алда ұйымдастырылатын шаралар туралы сөз етіп, күз мезгіліне жоспарланған театр фестивальдері, гастрольдік сапарлары жайында хабардар етті. Сонымен қатар, театрлар бірігіп атқаруға болатын шаралар туралы ұсыныс жасалып, жаңа идеялар талқыланды.

Отандық театрлардың онлайн жұмысы талқыланды

Онлайн жиынға барлық театрлармен қоса Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері де шақырылғанымен, өкішке қарай, қазіргі қауырт жұмыстарына байланысты олар бой көрсете алмады. Бірқатар театр мамандарының сөзі мәдениет министрлігі тарапына бағытталған еді. Қазақстандық қана емес, әлемдік театрлардың дағдарысқа ұшыраған кезеңінде театрлар материалдық көмекке мұқтаж екенін жасырған жоқ. Сондай-ақ, театрдың барлық кезеңіне тән жалпы мәселелері де ретін тауып, сөз етілді. Қатысушылар «Халықаралық театр сыншылары бірлестігіне» алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осылай бас қосып тұруды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857085-karantindegi-ner-otandyk-teatrlar-zmysyna-pandemia-kalaj-ser-etti/

pixel