Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырған деген күдікпен ауруханаға түсті

Опубликовано:

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырған деген күдікпен ауруханаға түсті. Оны ұшақпен Мәскеудегі клиникалардың біріне жеткізген. Бұл туралы Baza және "Интерфакс" хабарлады. Ақпаратты ресми мекемелер әлі растаған жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

БАҚ: Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырған деген күдікпен ауруханаға түсті
Рамзан Кадыров. Фото: www.stav.kp.ru: UGC

"Интерфакс" Мәскеудегі медициналық мекелердегі дереккөзге сілтеме жасаған.

"Қадыров коронавирус жұқтыруы мүмкін, оны дәрігерлер қарап жатыр", - деп жазды агенттік.

Baza мәліметінше, Қадыровтың өкпесі зақымданған екен. Ол тұмауратып қалғанын айтқан, бірақ соңғы күндері жағдайы күрт нашарлапты.

Шешенстанда коронавирус эпидемиясына байланысты қатаң карантин жарияланған. Республикада комендант сағаты енгізіліп, қоғамдық көлік қатынасы тоқтаған. Сондай-ақ, Ресейдің басқа да облыстарының тұрғындарына республика аумағына кіруге тыйым салынған.

Коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл штабтың хабарлауынша, Шешенстанда бір мыңнан астам адам вирустың қауіпті түрін жұқтырған.

Бұның алдында Қадыров Гудерместегі аурухана қызметкерлерін жұмыстан шығаруды талап етті, өйткені дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін қорғаныс заттары жетпей жатқанына шағымданған.

"Бізде барлығы бар. Тіпті, біз басқа аймақтарға көмектесе аламыз", - деп мәлімдеген Шешенстан басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856936-bak-ramzan-kadyrov-koronavirus-zktyrgan-degen-kdikpen-auruhanaga-tsti/

pixel