Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы шопанның үйінен екі әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында жантүршігерлік оқиға орын алды. Тау бөктеріндегі фазендалардың бірінен басы кесілген екі әйелдің мүрдесі табылды. Полиция қатыгез кісі өліміне күдікті өзбекстандық азамат іздестіруде деп хабарлайды КТК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысындағы шопанның үйінен екі әйелдің денесі табылды
Сюжеттегі кадр: КТК арнасы: UGC

Облыстық полицияның хабарлауынша, әйелдерді өлтіріп, бастарын кесіп тастаған. Марқұмдардың бірі 50, екіншісі 38 жаста болған.

Құқық қорғау органдары Өзбекстан азаматтығы бар 54 жастағы шопан жантүршігерлік қылмыс жасады деп күдіктеніп отыр. Күдікті жайлы тың ақпарат үшін сыйақы тағайындалған, бірақ полиция ер адам қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.

Телеарна анықтағандай, қос адам өлтірген күдікті бұл жерде бірнеше ай бұрын ғана бой көрсеткен. Мұнда ол қойшы болып жұмыс істеді. Көршілер соңғы рет ер адамды теміржол маңынан көрген. Ат мініп жүрген ол жануарды тастап, із-түссіз жоғалған.

Өлген әйелдер туралы мәлімет аз. Олардың бірі шаруа қожалығында жұмыс істеген. Болжам бойынша, екі әйел сол күні кешке фазендаға қонаққа барған, кейінірек сол жерде олардың денесі табылды.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетсек, Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы Илияс Егізбаевтың мәйіті табылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856919-zambyl-oblysyndagy-sopanny-jinen-eki-jeldi-denesi-tabyldy/

pixel