Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы Нұр-Сұлтанда энергия үнемдейтін шамдардың рекордтық саны орнатылады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда ЖКУ шамдарын (натрийлі шаммен) қазіргі заманғы энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мамандар атап өткендей, олар ұзақ және үнемді қызмет етіп, электр энергиясын аз жұмсауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020 жылы Нұр-Сұлтанда энергия үнемдейтін шамдардың рекордтық санын орнатылады
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі: Facebook
«Бұл шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді және олар қарапайым шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ олар жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін неғұрлым жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы. Егер қалада 47 мың жарық нүктелері болса, биыл 10 мыңын ауыстыру жоспарланған», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Сондай-ақ елордада аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру белсенді жүргізілуде. Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер) абаттандырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1856839-2020-zyly-nr-sltanda-energia-nemdejtin-samdardy-rekordtyk-sany-ornatylady/

pixel