KZ
Мұнай министрлігі бензин мен дизельді отынның шекті бағасын белгіледі
Новости Финансы

Мұнай министрлігі бензин мен дизельді отынның шекті бағасын белгіледі

Расказать Вконтакте
Мұнай министрлігі бензин мен дизельді отынның шекті бағасын белгіледі

Қазақстан Мұнай және газ министрлігі 2011 жылдың маусымынан бастап ЖЖМ-ның ЖҚБ-дағы шекті бағасын белгіледі. 

Аи-92/93 бензинінің бір литрі үшін – 102 теңге, Аи-80 – 83 теңге, дизельді отын – 87 теңге.

Мекеменің баспасөз қызметінде хабарлағандай, Қазақстан 2011 жылдың 1 тамызда құрамына Қазақстан, Ресей мен Беларус кіретін Кедендік одақ мүше-елдері арасындағы кедендік кедергілер жойылғаннан кейін де ЖЖМ-ның бөлшектік бағасын қадағалау тәжірибесін жалғастыратын болады.

Дәл осы кезде әлемде мұнай бағасы қайта өсе бастады. Сейсенбіде инвесторлар Еуроодақ Грецияға қаржылық көмекті мақұлдауын күтуі шеңберінде әлем нарығындағы баға өсе бастады. Грецияға кредит беру  мәселесі маусымның соңына қарай шешілуі тиіс, деп хабарлайды РБК.   

Портал хабарлағандай, Brent мұнайының бағасы Лондонда сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша 2,05 долларға көтеріліп, барреліне 116,73 долларды құрады.  Нью-Йорктегі WTI мұнайының бағасы сауда қорытындысы бойынша 2,11 долларға көтеріліп, барреліне 102,70 долларды құрады.   

Инвесторлардың көңіл-күйіне сондай-ақ Еуротоптар басшысы Жан-Клод Юнкердің келесі айдың соңында еуропа көшбасшылары Грецияға қаржылық көмектің жаңа пакетін беру жөнінде шешім қабылдайтыны туралы жасаған мәлімдемесі де ықпал етеді. 

 

 

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии