KZ
Сән байқауына қатысқаны үшін мұсылман қыз өлтірілді

Сән байқауына қатысқаны үшін мұсылман қыз өлтірілді

Расcказать Вконтакте

Украинада мұсылман қыз сән байқауына қатысқаны үшін өлтірілді, деп хабарлайды Daily Mail. Алайда мемлекет полициясы ресми мәлімдемесінде қылмыстың діни уәжін жоққа шығарады. 

19 жасар қыздың мәйіті Қырым қаласының маңындағы орманда табылған. Жасөспірімнің туыстары осыдан бір апта бұрын оның жоғалғаны туралы полицияға хабарлады. Мамандар сараптамадан кейін Катя Корен атты бикеш тас лақтырып өлтірілді, деп шешім шығарды. 

Осыған қатысты үш күдікті ер азамат қамауға алынған. Олар тергеу барысында қызды ислам дініне қайшы сұлулық байқауына қатысып, сәнді киім кигені үшін өлтірді деп түсіндірді. Күдіктілердің бірі 16 жасар Бихал Газиев Катя өз жазасын әділ алды, дейді. Тіпті өзінің істегені үшін өкінбейтінін де айтыпты. 

Құрбанның достары Катя өте ақкөңіл әрі момын қыз болғанын айтады. Ол өзінің сұлу екендігін түсініп, сәнді киінгенді жақсы көретін. Аталмыш байқауда ол жетінші орынға иеленді. 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel