Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аруларды естен тандырған Димаш Әділет тоғыз жыл бұрын қандай болған (фото)

Опубликовано:

Талай қыздың арманына айналған Димаш Әділеттің түрі мен стилі үлкен өзгеріске ұшыраған болып шықты. Желіде мінсіз сері жігіттің тоғыз жыл бұрынғы суреті тарап кетіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бойжеткендер ғаламтор жұлдызын мүлдем танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/667.tv
Фото: Instagram/667.tv: Getty Images

Қыздар қауымын естен тандырып жүрген Димаш Әділеттің мұрағаттағы фотосы Instagram желісіндегі парақшаларда жарияланған. Оған қарап, бұған дейін сері жігіттің шаш үлгісі мүлдем басқаша болғанын аңғаруға болады.

Бүгінгі күні аса сәнді әрі сымбаттылығында бір мін жоқ Димаш тоғыз жыл бұрын өзге стильде киініп жүрген болып шықты. Қазіргі кезде костюм шалбарды тастамайтын сері бұрындары заманауи үлгідегі киімдерді таңдаған.

Оған қоса, тоғыз жылда желі жұлдызының шаш үлгісіне қатысты ойы өзгерген. Бұған дейін шашын өсіріп келген ол бүгінде ол әдетін қойған екен.

Сонымен қатар, жігіттің дене бітіміндегі өзгерісті де бауқауға болады. Жаттығу залында өткен уақыт өз нәтижесін бергені анық.

Желі қолданушылары аталмыш фотодан серіні бірден тани қойған жоқ. Олар суретті көре сала, қатты таңғалғандарын жасырмады.

Еске сала кетейік, жақында Димаш Әділеттің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856776-arulardy-esten-tandyrgan-dimas-dilet-togyz-zyl-bryn-kandaj-bolgan-foto/

pixel