Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 200-ден аса адам 1,5 жасар баланы іздестіруде

Опубликовано:

Атырауда әскерилер, еріктілер мен Жұлдыз шағын ауданының тұрғындары 1,5 жаса сәбиді іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Ақ Жайық, facebook.com/olzhas.sultanov
Коллаж: NUR.KZ. Фото: Ақ Жайық, facebook.com/olzhas.sultanov: Depositphotos

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, 1,5 жасар Әли есімді бала 20 мамыр күні сағат 13.30-да Жұлдыз шағын ауданында орналасқан үйінен шығып, сол күйі қайта оралмаған.

Полиция мәлім еткендей, балақай аталған шағын аудандағы 10-көшедегі 57-үйде тұрады. Оның бір аяғы ақсаңдап жүретіні айтылды.

Басылымның ақпарынша, іздеу жұмыстарына 50-ге жуық ерікті, 150-ден астам жергілікті тұрғын және 20 әскери қатысуда.

Жергілікті қоғам белсендісі Олжас Сұлтанов бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілгенін атап өтті. Бейнежазбада баланың аулада жүріп көзден таса болғаны көрінеді. Анасы бір-екі минутқа үйге кіріп шыққан, сол арада Әли із-түзсіз жоғалып отыр.

Сұлтановтың айтуынша, іздеу жұмыстарына қосылған адамдар септиктерді, қоқыс жәшіктерін, аулаларды қарап шыққан.

Қоғам белсендісі өзінің Facebook парақшасында жергілікті тұрғындарды көмекке шақырған.

Сондай-ақ ол тікелей эфирге қосылып, іздеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көрсеткен.

Соңғы көрсетілімді ол 22:10-да аяқтады. Іздеу жұмыстары туралы соңғы жазба Сұлтановтың парақшасында 7 сағаттан астам уақыт бұрын жарияланған. Онда сағат 23:00-дегі жағдай бойынша, баланың әлі табылмағаны айтылады.

Жергілікті тұрғындар түнімен аулаларды тексеруді жалғастыруға ниет білдірді. Жаппай іздеу шаралары 21 мамыр күні таңғы 6-да қайта жалғасуы тиіс болатын.

Қоғам белсендісі сәбидің аман-сау табылатынына үміттенуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған 81 жастағы әженің табылғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856769-atyrauda-200-den-astam-adam-zogalyp-ketken-15-zasar-balany-izdestirude/

pixel