Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль ғалымдары тамақ ішуге болатын маска ойлап тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Израильдік Avtipus patents and inventions компаниясының өнертапқыштары тағып алып ас ішуге болатын медициналық бетперде ойлап тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/CerebrosG
Фото: twitter.com/CerebrosG: UGC

Кәдімгі медициналық бетпердені тағып алып, бір мезетте тамақ ішу мүмкін емес екені баршаға аян.

Алайда, Republic World басылымы жазғандай, израильдік өнертапқыштар бұл мәселенің шешімін тапқан. Олар кәдімгі медициналық масканың дизайнын өзгертіп, оған автоматты түрде немесе механикалық түрде ашылатын, адамға тамақ жеуге мүмкіндік беретін механизм енгізген екен.

Осылайша, бетпердені жасаушылар тамақтану орындарын қайта жандандыруға жағдай жасағысы келеді. Егер маскалар жаппай сатыла бастаса, адамдар қауіпсіз түрде мейрамханаларға, кафелерге және басқа мекемелерге кіре алады.

Компания өз өнімін тіркеуге патент алу үшін сұраныс жіберген. Егер жаппай өндіріс мақұлданса, онда бұл жұмыс бірнеше айдан кейін басталады.

Авторлардың айтуынша, мұндай ғажайып масканың бағасы, шамамен кәдімгі масканың бағасымен бірдей болмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетел ғалымдары коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856761-izrail-galymdary-tamak-isuge-bolatyn-maska-ojlap-tapty-foto-video/

pixel