KZ
Жанжалды "Ақиқат" фильмін түсіру тапсырысының артында кім тұр?

Жанжалды "Ақиқат" фильмін түсіру тапсырысының артында кім тұр?

Расcказать Вконтакте

"Ақиқат" фильмі эфирге шыға салысымен, оны әзірлеп дайындаудың артында мүдделі топ тұр деген қауесет желдей есті. Тегі болмаса, деректі фильм тапсырыспен дайындалды деп те жүр. Өзіңіз болып, осының ақиқатына көз жүгіртіп көрсек, тапсырыстың артында кімдер тұруы мүмкін? 

Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ: Алмағайып кезеңде амал жасап жатқандықтан да, қоғамда жалт еткізген оқиға бола қалса, оның артында кім тұрғанын іздеп, көз сығырайтып жатамыз. Бұл сұраққа неге мен жауап беруім керек? Әйтсе де, “пікірімді білгім келеді” десеңіз, айтар едім, "Хабар" – алдымен мемлекеттің арнасы. Демек, мемлекеттік арнаның дәрежесін көрінген адам қолжаулыққа айналдыратын, белгілі бір топтың сойылын соғып, тапсырысын орындайтын қолбала қылып көрсетуге болмайды.

"Ақиқат" фильмін көріп шыққаннан соң бұл мемлекет мүддесі тұрғысынан дайындалған фильм екенін таныдым. Фильмнің басты кейіпкері Исматулла бола ма, немесе тіпті басқа болса да, қалай болғанда да ақиқатты анықтау үшін жұмыс жасалынуы қажет. Бұл турасында Елбасының "тексеріңдер, анығын біліңдер" деген сөзін бәрі біледі. Бұл сөз аспаннан алынған жоқ.

Имамдар өтініш білдірді, сәйкес бұйрық болды, іс қозғалды. Енді келіп, мемлекеттік арна жұрттың көңілін алаңдатпайын деп, журналистік зерттеу жасап жатса, бұдан күмән туғызып, мәселені қоюлататындай ештеңе көріп тұрған жоқпын. Артында кімдер тұр деп айыптыны іздеу ағайынды алаңдатып, жұртты жарып, елді бөлу деп ойлаймын.

- Осылайша, "Ақиқат" пен менің арамда ешбір байланыс жоқ дегіңіз келеді ғой… 

- Әрине, менің ешқандай материалдық та, "осындай фильм шықса екен" деген идеялық та ой-пікірім болған емес. Мен әуел бастан алқа зікірдің намаздан алдын тұрмайтын амал екенін білдірген пікірімді “Жас Алаш” газеті осыдан он жыл бұрын бірінші бетіне жалаулата жариялаған. Ал құзырлы мемлекеттік органдар менің кеңесіме зәру емес.

- Аталмыш фильмге арқау болған діни топтың іс-әрекетіне секта ретінде сипаттама мен сәйкесінше реңк беріліп жатыр. Әгәрәки, осы топтың секта екені шыңдыққа сайса, бар қаупін ашып көрсете  алдық па? Әлде әлі қылмысы құқықтық тұрғыдан анықталмаған азаматтардың абыройына нұқсан келтіргендей болдық па?

- Өркен бауырым, біз құқықтық мемлекетпіз. “Тысячи мнений не стоит одного факта”. Енді бұл мәселе заңгерлердің еншісінде. Бұл жерде менің не қатысым бар?

- Жарайды делік, осы адамзатқа ортақ исламнан "қазақтың исламын" бөле жарып алып шығуға келе ме? Себебі, "Просвещенный исламды" орнату, жәдитшілдікке оралу секілді модернизациялық сұрақтар көбейіп кеткенін өзіңіз де сезіп жүрген боларсыз.

- Қазіргі қоғамда дінді сыртынан тамашалағаны бар, бес парыздың бірін орындаған адамы бар, әйтеуір пікір айтып, ой білдіретіндер көп. Діннің егесі Алла ғой, ол арабтың я қазақтың меншігіндегі дүние емес. Алла тағала Исламды Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) арқылы адамзатқа теңдей етіп жіберген. Және қиямет күніне дейін үкімі жойылмайтындай кемел қылып, барлық кезеңге лайықтап берген.

Әйтпесе, Алла тағала ХХІ ғасырдың келетінін білмей қалып па? Сол себептен де, біз мына бір қағиданы ұмытпауымыз керек: Ислам қазаққа немесе өзбекке ыңғайланатын дін емес. Керісінше қай ұлт болсын, ақиқатқа қарай ыңғайланғаны абзал. Айтылып-жазылып жүрген пікірлерден ұққаным, Ислам діні бізге қарай иілмесе,  тұрмысқа томпақ келіп, кедергі жасап тұрғандай көрінетін секілді. Бұл Исламның икемсіздігінен емес, әлі де дінді терең игеріп, толық түсінбегенімізден.

- Сұрақтан сұрақ туып жатыр ғой, мына дін ақиқатын айта бастасаң, арабтануға бастап бара жатқандай шошыну сезімін қайда қоясыз? Сол себептен де, сізге қатысты "араб тыңшысы" деген "ақаудың" шығып жатқанын жасырып қалсақ па екен?

- Бұған былай жауап берер едім. Ислам тарихына терең үнілсеңіз, пайғамбардың бізден шығуы деген дерек мақтанарлық жайт емес. Арабтардың арасынан пайғамбар таңдалуы да біз қызғанатындай бедел емес. Себебі, тарихтан білемі

Новости Казахстана
Mailfire view pixel