KZ
Көкшетауда жаппай төбелес пен атыс болды

Көкшетауда жаппай төбелес пен атыс болды

Расcказать Вконтакте

Мамырдың 31-і кешкісін Көкшетауда жаппай төбелес болды, деп хабарлайды bnews агенттігі Tengrinews-ке сілтеме жасап. Нәтижесінде үш адам оққа ұшып, ауыр жарақат алған. 

Ер азаматтар арасындағы келеңсіздік қала орталығындағы "Новинка" дүкенінің алдында орын алады. Қазір оқиға орны қоршауға алынып, прокуратура мен полиция қызметкерлері тексеріс жүргізуде. Олар қазір бұзақылардың біреуін ұстап үлгерген.

Ақмола облыстық ауруханасында хабарлағандай, жарақат алған үш адамның хәлі ауыр жағдайда. Қазір дәрігерлер оның денсаулығын тексеру үстінде.

Полицияда көшеде орын күш сынасудың себептерін әлі хабарлаған жоқ. Аталмыш жағдай бойынша  тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал bnews агенттігі былай деп хабарлайды:

Көкшетаудағы жаппай төбелеске 40 адам қатысқан. Бұл туралы  "BNews.kz"  ақпарат агенттігі тілшісіне көзімен көрген адам айтты.

"Төбелес сағат кешкі 9.00 шамасында  "Новинка" дүкені маңында басталған. Бұл жерде адам көп еді.   40-қа тарта жас жігіт екі топқа бөлініп, төбелесті бастап кетті", - дейді куәгер. 

"Көбінің қолында  соққы бейсболы мен  травматикалық пистолеттер болған", - деп сөзін сабақтайды ол. Көз көргеннің айтуынша, төбелеске қатысушының бірі  "Мерседес" автомобиліне отырып, жылдамдықты күшейтіп келіп, бір адамды қағып өткен.

"Содан кейін жігіттер тарай бастады. Көбі қолдарындағы қаруларын сол жерге тастап кеткен", - деді көзімен көрген адам.

Оқиға орнына полиция машинасы келіп, сол ауданды түгел жауып тастады. 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel