Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде енді көлік жүргізушілер бір ғана құжатпен жүре алады

Опубликовано:

Ішкі істер министрі елімізде жаңа ережені заңдастыру жоспарланып отырғанын мәлім етті. Оған сәйкес, жүргізушілерге баяғыдай көп құжат алып жүрудің қажеті жоқ – автокөлікті тексеру үшін бір ғана жеке куәлік жеткілікті болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД: UGC

Ерлан Тұрғымбаев бұл туралы ТМД-ға мүше мемлекеттердің автокөлік ұрлығына қарсы бірлесе күресуді күшейтуге бағытталған заң жобасын талқылау кезінде айтты.

Оның сөзіне, бұндай тапсырманы Қасым-Жомарт Тоқаев берген. Яғни, "жүргізуші өзімен бірге көлік құралына арналған барлық құжаттарды алып жүруге міндетті емес", енді тек жеке куәлік қана жеткілікті болады.

Автокөліктің кімге тиесілі екендігі, сақтандыру полисінің және техникалық тексерудің жарамдылығы туралы барлық қажетті ақпаратты полиция қызметкерлері өздерінің планшеттеріне қосылған дерекқорларына алады. Бұл сонымен қатар айыппұл туралы мәліметтерді де көрсетеді.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырған болатын.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, оның мөлшері 10 АЕК-ны құрайтынын, сонымен қатар көлік айыппұл тұрағына қойылатынын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856636-elimizde-endi-klik-zrgizusiler-bir-gana-kzatpen-zre-alady/

pixel