Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыра ма": Меруерт Түсіпбаева пранк жасаған атышулы кәсіпкерді сынап тастады

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева желіде өзін-өзі қамап, елді тексермек болған кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың қылығына ашуланды. Өнер иесі қаралы күнде әзілдеген бизнес-тренерді сынап, оның әрекетін мүлдем түсінбейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/akhmetbeknursila_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/akhmetbeknursila_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Меруерт Түсіпбаева белгілі журналист Бейсен Құранбектің қазасына барша қазақ халқы қайғырып жатқанда кәсіпкердің мұндай іске барғанына шүйлікті. Ашуға булыққан әнші Ахметбек Нұрсиланы сынап, оның әрекеті орынсыз болғанын бетіне басты.

"Кеше желі тек бір қазақтың баласын жоқтады! Иманды болсын. Барша қазақ қайғы жұтып, асылынан айрылып отырғанда, мына пенденің, мына қалжыңын қалай түсінеміз? Не айтуға болады? Дәл кешегі күні, әзілдеу дұрыс па?! Әбден хайпажер болып, ақ-қараны ажырата алмай қалған ба? Әлде ауырама екен? Клоун ба? Қазақтар қайда кетіп барамыз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Оған қоса, өнер иесі анасы Бейсен Құранбектің өлімін, өз жақын туысы қайтқандай қабылдағанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ахметбек Нұрсилаға деген наразылығын белгілі журналист Асхат Садырбай да білдірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856582-auyra-ma-meruert-tsipbaeva-prank-zasagan-atysuly-ksipkerdi-synap-tastady/

pixel