Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент маңындағы блок-бекеттер қашан ашылады

Опубликовано:

Қазақстанда ТЖ режимі алынғанына қарамастан, Шымкентте карантин шаралары 25 мамырға дейін жалғасады. Миллионды қалада әлі де блок-бекеттер тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент маңындағы блок-бекеттер қашан алынады
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Ведомство ақпарынша, полиция қызметкерлері қала периметрі бойынша 18 блок-бекетте қызмет етіп жатыр. Жұмыс бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда. Шымкенте блок-бекеттер кем дегенде 25 мамырға дейін тұрады, қалада бұл уақытқа дейін карантин шаралары жалғасады.

Бекеттерде азаматтардың өтуге рұқсат қағазы тексеріледі. "Сергек блок-бекет" базасында тіркелгендер еш кедергісіз қозғала алады. Сондай-ақ, қалаға азық-түлік пен алғашқы қажеттілік заттарын таситын жүк көліктерінің кіріп-шығуына рұқсат. Ал қалғандарына, әсіресе, тіркелмеген азаматтар мен ауданаралық бағытта жолаушылар таситын көлік жүргізушілеріне блок-бекеттерден өтуге тыйым салынған.

Ведомствода блок-бекеттерден өту уақыты шектелмегенін айтады. Тәртіп сақшылары 24 сағат үш ауысыммен қызмет етеді.

Айта кетейік, соңғы күндері Алматыға кірберістегі блок-бекеттерде ұзын-сонар кептелістер пайда болды. Алматылық полиция қызметкерлері бұл мәселені біледі және қала тұрғындарына қажеттілік болмаса, қаладан шықпауға, сондай-ақ қалаға кірмеуге кеңес береді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856560-symkent-mayndagy-blok-beketter-kasan-asylady/

pixel