Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушылар өзімен бірге пойызға тамақ алып кіре ала ма

Опубликовано:

Жолаушыларға пойызға тамақ алып кіруге рұқсат па? Бұл сауалға бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жолаушылар пойызға тамақ алып кіре ала ма: бас санитар жауап берді
Фото: NUR.KZ: UGC

Байғабыловтың сөзінше, жолаушыларға пойызға өзімен бірге тамақ алып кіруге рұқсат.

"Өздерімен бірге тамақ алуға болады. Ешқандай талап, шектеу қойылмайды", – дейді Көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, жолаушыларды отырғызу ережелері де өзгеріссіз қалады.

Отырғызу тәртібі билеттер мен орындардың болуына байланысты әдеттегідей өтеді. Шектеулі орындарға отыруға ешқандай қосымша талаптар болмайды.

Купеде де, плацкартта да, тіпті "Тальго" пойыздарында да орындарға отырғызу тәртібі бірдей болады.

Маманның сөзінше, алғашқы уақытта жолаушылар ағыны аса көп болады деп күтілмейді.

Еске сала кетсек, елімізде 1 маусымнан бастап пойыздар жүре бастайтынын хабарлаған едік. Соған орай жолаушылар қандай талаптарды білуі керек екені туралы жазған болатынбыз.

Оған сәйкес, вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Жолаушылар маска тағып, ал жолсеріктер бетперде және қолғап киюге міндетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855840-zolausylar-pojyzga-tamak-alyp-kire-ala-ma/

pixel