Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кафелер мен қонақ үйлердің ашылу уақыты өзгерді

Опубликовано:

Оңтүстік астанада қонақ үй кешендері мен кафелердің ашылу уақыты өзгерді. Бұған дейін қоғамдық орындардың 18 мамырда ашылатыны айтылған. Енді бұл күн 25 мамырға ауыстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Қоғамдық тамақтану, ғибадатхана мен қонақ үй кешендерінің ашылу уақыты өзгергенін Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шектеулердің алынуы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылмақ.

Осылайша, жоғарыда аталған бизнес нысандар санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің барлық талаптары сақталған жағдайда 25 мамырда жұмыстарын жандандыра алады.

Ведомство қоғамдық орындардың 18 мамырдан бастап ашылуын – мерзімінен бұрын қабылданған шара деп есептеуде. Себебі мегаполисте коронавирус инфекциясының әлі де ашылмаған ошақтары бар.

Сондай-ақ Алматы әкімдігі кәсіпкерлер сақтауы тиіс жаңа талаптарды атап өтті. Ол жұмыс орындарында әлеуметтік ара қашықтық пен қатаң санитарлық режим.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылданған еді.

Атап айтқанда, еліміздегі кафелер мен қонақ үйлердің 18 мамырдан бастап жұмыс істейтіні хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855821-almatyda-kafeler-men-konak-jlerdi-asylu-uakyty-zgerdi/

pixel