Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Естерің ауысқан ба?": Қуат Найман міндетті екпені мақұлдаған депутаттарға шүйлікті

Опубликовано:

Отандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Найман елімізде пайда болған міндетті вакцинаға қатысты ойын ашық айтты. Ол балаларға салынатын екпенің бұл түріне қарсы шығып, оны мәжілісте мақұлдаған депутаттарға өз наразылығын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com/Instagram/kuat_khamitov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: pixabay.com/Instagram/kuat_khamitov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қуат Хамитов балаларға жасалатын міндетті вакцинаны халықтың пікірін елемей енгізгеніне қатты ашуланған.

Спортшы аталмыш екпеге қолдау білдірген депутатарға арнап Instagram парақшасында азулы жазба қалдырған.

"Естерің ауысқан ба? Егер сендер, депуттар, біз үшін бәрін шешкен болсаңдар, демек сендер бізге кепілдік бердіңдер деген сөз. Олай болса, былай жасайық: Біз сендердің балаларыңды алып, оларды мына уға отрғызамыз. Егер бір жылдан кейін оларға ештеңе болмаса, олар түсініксіз аурудан көз жұмбаса , сіздермен жаппай вакцинация жөнінде сөйлесуге дайынбыз. Ал әзірге қарапайым халықты өлтіруді қойыңдар. Біз вакцинацияға қарсымыз" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, 13 мамыр күні Қазақстанда балалар үшін міндетті вакцина пайда болды. Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, елде балалар екпесінің бір бөлігі міндетті санатқа ауыстырылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855725-esteri-auyskan-ba-kuat-najman-mindetti-ekpeni-makldagan-deputattarga-sjlikti/

pixel