Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мешіттер қашан ашылатыны белгілі болды

Опубликовано:

Елімізде 18 мамырдан бастап мешіттер ашылады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

18 мамырдан бастап мешіттер ашылады
Көрнекі фото: Уикипедия: Getty Images
"Биыл 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады.

2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларымен әуе қатынасы ашылады.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

  • қонақ үйлер;
  • қоғамдық тамақтану объектілері (30 адамдық орынмен);
  • таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдары;

2020 жылғы 18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).

2020 жылғы 1 маусымнан, кезең-кезеңмен, ішкі темір жол қатынасын, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855650-kazakstanda-mesitter-kasan-asylatyny-belgili-boldy/

pixel