Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін кей алматылық дүкендер бағаны көтеріп жіберген

Опубликовано:

Алматыда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар мен азық-түлік бағасы қымбаттаған. Тіпті, жұмысын бастауға рұқсат алған кәсіпорындар мен ұйымдар қызметтерінің құнын да өсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Елімізде 4 сәуірде азық-түліктің бірнеше түріне шекті бағалар қойылған еді. Алайда, Алматыдағы кейбір дүкендерде тауар бағасы карантинге дейінгі құнынан көтеріліп кеткен. 

Мәселен, бірінші сортты ұн өнімдері 211 теңге болса, 10 дана жұмыртқа 351 теңгеден аспауы тиіс еді. Ал қазір дүкен сөрелерінен аталған өнімдерге бағаның қосылғанын байқауға болады. 

"Бұрын картопты 109-110 теңгеден алсақ, қазір 160 теңгеден аламыз. Тіпті, жоқ та. Сәбіз де 160 теңге болған. Тіпті, тауықтың бағасын да қымбаттатып жіберіпті. "Неге?" десең, "доллар қымбаттады" деп шығады, Бұрын бір шыққанда 20 мың теңге кетсе, қазір 38 мың теңгем кетті. Сонда баға екі есе өскен болып тұр ғой. 42500 теңге берді, одан да түк қалмады",- дейді тұрғындардың бірі.

Жұмыстарын бастағандарына көп бола қоймаған шаһардағы дүкендердің бірі тіпті, "тауардың құны 15 пайызға қымбаттады" деген ескерту қағазын да іліп қойған. Десе де, келушілердің саны азаймаған. Ал дүкен иесі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауын - жеткізу қызметімен байланыстырып отыр. 

"Өнімдерді жеткізушілер бізге тауардың құнына 15 немесе 20 пайыздай ақша қосып әкеледі. Біз қайта орташа бағаны ұстап тұрмыз. Неліктен бағасын қымбаттатқанын жеткізушілерден сұрау қажет. Мүмкін, доллар бағамы әсер еткен шығар. Себебі, келесі тауарды олар жаңа бағамен алады. Ал біз Қытайдан аламыз", - дейді дүкен иесі Наталья Кирилова. 

Сондай-ақ, қалада сұлулық салондарында шаш қию қызметінің бағасы да көтерілген. Мысалы әйелдер үшін - 4700, ерлер үшін - 2800 теңге болған.

Бағаны көтерудің себебі алуан. Мамандар кәсіпкерлер шығынға батпас үшін, тәуекелге барып отыр дейді.

Аяулым Көлжігіт, Рашид Шүкірәлиев, "Алматы" телеарнасы

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі Төтенше жағдай кезінде жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасы қымбаттағанын жазған едік. Ұлттық банк басшысы бұған не себеп болғанын да түсіндіріп берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855511-ttense-zagdaj-aaktalgannan-kejin-kej-almatylyk-dkender-bagany-kterip-zibergen/

pixel