Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеш болды, ұшақ әлі жоқ": Елордаға билет алған шымкенттіктер далада қалды

Опубликовано:

Шымкентте Fly Arystan билетін сатып алған жолаушылар ұша алмай қалды. Әуе компания 12 мамырға Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытына билет сатқан. Алайда не ұшағы жоқ, не әуежай жұмыс істемей, ақырында жолаушылар не істерін білмей дал болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Телеарна мәліметінше, мегаполис әуежайының алдында жиналған қырықтан аса жолаушының бірі Нұр-Сұлтан қаласындағы айдан астам көрмеген отбасына асықса, біреуін жұмысқа шақыртқан.

Тіпті шұғыл ота жасатуға кетіп бара жатқандар да бар.

Дегенмен онлайн түрде Fly Arystan әуе компаниясына билет алған тұрғындар әуежайға келгенде кезде абдырап қалған. Себебі әуежай жабық, ал билет сатқан операторлар түрлі сылтау айтуға көшкен көрінеді.

"Кеш болды, ал ұшақ әлі жоқ. Тіпті телефон соғып сұрағанымызда мардымды ештеңе айта алмады, нақты уақытын айтсаңыздар десем,"білмейміз, әуежай қашан ашылады, сол кезде ұшамыз" дейді. Ары қарай хабарласа алмай жатырмыз. Мен Fly Arystan компаниясына бұдан кейін мүлдем жоламаймын", - дейді жолаушылардың бірі Ақжарқын Наурызбаева.

Әуе компаниясының жолаушыларға жіберген хабарламасында рейстің мүлдем ұшпайтыны туралы ескертілмегені белгілі болды.

Телеарна дерегінше, 20 мың мен 100 мың теңге аралығында билет алғандардың әрқайсы қосымша 18 мың теңгеге короновирусқа қатысты тест тапсырған.

Ал билет бағасын сұрағандар "ақшасы келесі жылы қайтарылады" деген жауап естіген көрінеді.

Әуежай алдында жұрт шулаған соң, келіп жеткен қала әкімінің орынбасары әуе компаниясының басшылығымен телефон арқылы сөйлескен.

Нағыз қызық тілдесуден кейін басталған. Билетті қанша жолаушыға сатқанын да білмейтін әуе компаниясы әкім орынбасарынан адам санын білуді сұрапты, ал шенеунік оларды есептеуге мәжбүр болған.

Есеп бойынша жетпістен астам жолаушы бар екен.

Олар бүгін Нұр Сұлтанға ұшатын рейске тағы бір ұшақ қосылып, осындай әдіспен елордаға жетуі мүмкін.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Таразға әуе байланысы тоқтатылғанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855488-sakka-bilet-algan-symkenttikter-dalada-kaldy/

pixel