Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Пандемия – шын мәніндегі соғыс

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары кезінде коронавирусты анықтауға арналған мобильді скрининг орталығына барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Президент коронавирус індетін анықтауға арналған жаңа мобильді скрининг орталығының қызметімен танысты. Бұл орталық Оңтүстік Кореяның технологиясы бойынша жұмыс істейді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысына қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында есеп берді.

Кореялық "Medical Partners Korea" медицина компаниясының басшылары Ким Даёнг пен Мин Хисук президентке мобильді лабораторияның мүмкіндігі мен "Drive-through" жүйесі бойынша сынама алудағы тәжірибелері туралы айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесіп, оларға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

"Пандемия – шын мәніндегі соғыс. Бүкіл әлем пандемияға қарсы соғыс жариялады. Француздарда соғыстың аты соғыс деген сөз бар. Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз", – деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Орталықтың қызметкерлерін 12 мамырда атап өтілетін Халықаралық медбикелер күнімен құттықтады. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Алматыға жұмыс сапарымен келгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855406-tokaev-pandemia---syn-mnindegi-sogys/

pixel