Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ТЖ кезінде жеміс-жидектер мен көкөністер едәуір қымбаттаған

Опубликовано:

Соңғы айда бүкіл елде азық-түлік бағасы айтарлықтай өсті. Атап айтқанда, жемістер, көкөністер мен қант бағасы қымбаттады. Ұлттық банк басшысы бұған не себеп болғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда ТЖ кезінде жемістер, көкөністер мен жармалар едәуір қымбаттады
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Ерболат Досаев төтенше жағдай мен карантин азық-түлікке деген сұраныстың артуына ықпал еткенін атап өтті.

Бұл жылдық инфляцияның жеделдеуін туғызады - сәуірде ол 6,8% -ды құраған. Бұл ағымдағы жылға арналған мақсатты дәлізден 4-6%-ға асып түсті.

Шекаралардың жабылуына байланысты көрші елдерден импорт шектеулі болғандықтан, сәуірде өнімдер 1,9%-ға қымбаттады. Бұл ретте жылдық өсім 10,4%-ға дейін жылдамдады. Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен бірге, Досаев азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтердің бағасы қымбаттағанын атап өтті. Жылдық көрсеткіште бағалар 5,4%-ға өскен.

Сондай-ақ, жеке тауарлар мен дәрі-дәрмектердің қымбаттауы да байқалады. Ұлттық банк басшысының пікірінше, бұл ұлттық валютаның әлсіреуімен байланысты.

Барлық ақылы қызметтердің бағасы жылдық көрсеткіште 3,5% деңгейінде қалды. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендеуі барлық ақылы қызметтер құнының өсуіне жол бермеген.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде тойханалар, сауда орталықтарының қашан ашылатыны туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855348-kazakstanda-tz-kezinde-zemis-zidekter-men-kknister-eduir-kymbattagan/

pixel