Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жасөспірімді зорлады деген күдікті азамат ұсталды

Опубликовано:

Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін айыпталып, күдікке ілінген азамат ұсталды. Қазіргі таңда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Қайғылы жағдай сегізінші мамыр күні орын алған. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Лада порталы хабарлаған болатын.

Полиция қызметкерлері жасөспірімді зорлаған болуы мүмкін күдіктіні анықтап, оны тұтқындап үлгерді.

Тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 120 бабы, үшінші бөлігі бойынша жүруде. Оған сәйкес, айыпталушының кінәсі дәлелденген жағдайда, ол өз ісіне жауап беретін болады.

Сонымен қатар, заңнамада күдіктінің кінәсі расталатын болса, оған сегіз бен он бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатыны көрсетілген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері орын алған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамаларды жасайтын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 9 жасар мектеп оқушысын зорлау ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Мәлім болғандай, бейтаныс адам кішкентай қызды алдап, пәтеріне кіріп, зорлап кеткен.

Аталған ауыр қылмысты жасағаны үшін 21 жастағы ақтөбелік 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол келтірілген моральдық зиянның өтемі ретінде жәбірленушіге 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855316-aktauda-zasspirimdi-zorlady-degen-kdikti-azamat-staldy/

pixel