Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайдан кейін балабақшалар қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төтенше жағдайдан кейін еліміздегі балабақшалар қалай жұмыс істейтінін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Бұл туралы вице-премьер Хабар 24 арнасындағы онлайн брифнг барысында айтты.

"Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бүгін қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласында жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Онда да қарастырып отырмыз", - деді Тоғжанов.

Тоғжановтың сөзінше, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт.

"Орта есеппен бір балабақшада 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр балабақшада 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сол себепті, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасауға тырысамыз", - деді премьер-министрдің орынбасары .

Сонымен қатар ол қандай нысандардың ашылатынын жеткізді.

"Бүгіннен бастап 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ", – деді Тоғжанов.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" , – деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855220-ttense-zagdajdan-kejin-balabaksalar-kalaj-zmys-istejdi/

pixel