Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы мен "Отбасы банкін" іске қосады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында баспана алу үшін жаңа "5-10-20" бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Несиелік тұрғын үйлерді тарату ыңғайлы болу үшін "Отбасы банкі" құрылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақлорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй жобасының іске қосылғанын мәлімдеді. "5-10-20" бағдарламасы бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан "7-20-25" бағдарламасына ұқсас.

"5-10-20" бағдарламасы 20 жыл мерзімге 10% бастапқы жарнамен 5%-дық несие беруді қарастырады. Бұл қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ президент министрлер кабинетіне арнайы бағдарламалар бойынша баспана мәселесімен айналысатын "Отбасы банкін" құруды тапсырды. Ол Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі негізінде құрылады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың зейнетақы қорының бір бөлігін баспана сатып алуға жұмсай алатындарын мәлімдеді.

Үкімет 1 шілдеге дейін президенттің баспана жөніндегі тапсырмасына қатысты нақты ережелер мен тәсілдерді жариялауы тиіс.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталғанын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1855209-tokaev-5-10-20-trgyn-j-bagdarlamasy-men-otbasy-bankin-iske-kosady/

pixel