Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Облыстар арасындағы көлік қатынасы жандана ма: Тоқаев пікір білдірді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала беретінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді", - деді ол.

Көптеген саланың қызметі қалпына келе бастағанына тоқталған мемлекет басшысы ел тұрғындарын сақтық шараларын орындауға шақырды.

"Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі. Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек", - деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855193-oblystar-arasyndagy-klik-katynasy-zandana-ma-tokaev-pikir-bildirdi/

pixel