Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оларға жаным ашиды": Мейрамбек Бесбаев қазақ тілін білмейтіндер туралы

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев қазақ тілін білмейтіндерге қатысты көзқарасы қандай екенін айтты. Ел арасында аса сыйлы әнші мемлекеттік тілде екі сөздің басын қоса алмайтын азаматтарға жаны ашитынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мейрамбек Бесбаев тіл білмей, қазақша жазып берген дайын мәтінді оқи алмайтын бауырлары үшін ашынатынын жасырмады.

"Әрине, ашынасың. Бірақ, "қолдан келетін шара не?" деп отыра беруге де болмайды. Өте қиналамын, сол жігіттерге жаным ашиды. Тіл білмей тұрып, екі сөздің басын қоса алмай, жазып бергенді оқи алмай тұратын бауырларым үшін қатты қиналамын. Айналып келгенде ол да бір қазағың ғой. Жаның ашиды, ашуланасың.
"Жоқ, сен тіл білмейсің" деп оны далаға лақтырмайсың ғой. Ертең "өз қазағыма жұмыс істейін, талпынайын десем, бұл қазағым өзегімнен тепті" дейді. Кім біледі? Ол ақылды жігіт шығар. Тек тәрбиесі сондай болған шығар. Бірақ, біз бұған шыдап келдік. Кейде қатал да шешімдер керек сияқты" , - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев қазақ халқының жалқаулығы жөнінде айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855175-olarga-zanym-asidy-mejrambek-besbaev-kazak-tilin-bilmejtinder-turaly/

pixel