Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандар саны тағы өсті

Опубликовано:

Елімізде тағы 29 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясымен қауіпті дертке шалдыққандар саны 4975-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус: Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандар саны тағы өсті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстандағы 2020 жылғы 9 мамырдағы сағат 22:30-дағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 29 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 14, Алматы қаласында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 13, Қарағанды облысында – 1.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 975 адам анықталды.

Олардың ішінде:

Алматы қаласы – 1560,

Нұр-Сұлтан қаласы – 1018

Атырау облысы – 295,

БҚО – 237,

Шымкент қаласы – 229,

Қызылорда облысы – 226,

Қарағанды облысы – 189,

Алматы облысы – 182,

Жамбыл облысы – 177,

Түркістан облысы – 174,

Ақтөбе облысы – 172,

Павлодар облысы – 154,

Маңғыстау облысы – 113,

Ақмола облысы – 106,

Қостанай облысы – 61,

ШҚО – 48,

СҚО – 34.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 31 адамға жетіп отыр. Соңғы өлім жағдайы Павлодар облысында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855007-koronavirus-kazakstanda-kauipti-dertke-saldykkandar-sany-tagy-sti/

pixel