Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында тіс қанаса ораза бұзыла ма

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі "Рамазан айында тіс қанаса ораза бұзыла ма" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: profidents.ru
Көрнекі фото: profidents.ru: Instagram

Дін мамандары тістен қан кеткен жағдайда оның көп не аз мөлшерде аққанына қарау маңызды екенін білдірді.

"Көп мөлшерде аққан болса оны жұтуға болмайды, әрі оразаны бұзады. Кейін, сол күннің қазасын өтейді. Ал аз мөлшерде шыққан болса оразаны бұзбайды. Қанның аз не көптігін түкірікпен салыстыра отырып анықталады. Егер, түкіріктің көп бөлігі қан болса, "көп қан" үкімінде. Ал жарымынан аз болса "аз қан" үкімінде болады", - деді олар.

Осыған орай Имам Хаскафи Дуррул мухтар кітабында: "Егер тістің арасынан қан шығып тамаққа барса, бірақ ішке кетпесе ораза бұзылмайды. Ал егер ішке кетсе, қанның мөлшері көп немесе түкірікпен теңдессе бұзылады. Ал, егер аз болса бұзылмайды" - деген.

Еске сала кетсек, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.

Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.

Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854898-ramazan-ajynda-tis-kanasa-oraza-bzyla-ma/

pixel