Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық оқушыларға жаппай чип енгізілді ме: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Қазақстанның оңтүстігінде мектеп оқушыларына чип енгізу жұмыстары жүргізілгені туралы қауесетке жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан оңтүстігінде мектеп оқушыларына чиптендіру жұмыстары жүргізілді ме
Фото: Әлеуметтік желілер: UGC

Журналистер Нұршай Әзімбаеваға сауал жолдап, желіде Қазақстанның оңтүстігінде мектеп оқушыларына чип енгізу жұмыстары жүргізілгені жайлы айтылған деректі фильмнің үзіндісі тарап кеткенін айтты.

Тілшілер министрік өкілінен бұл мәліметтің қаншалықты рас екенін және жалған болған жағдайда, ақпарат таратушы қандай жазаға тартылатынын сұрады.

Өз кезегінде Әзімбаева әлеуметтік желіде Қазақстанда жаппай чип енгізу жұмыстары жүргізілгені жайлы суреттер мен аудиожазбалар тарап жатқанын жоққа шығармады.

Осыған байланысты ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ДСМ өкілі халықты желідегі жалған мәлімет құрбаны болмай, ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Оның сөзінше, барлық ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан табуға болады.

Одан бөлек, Әзімбаева мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 274- бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қудаланатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы да адамдарға вакцина арқылы чип енгізу туралы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған еді. Ведомство тұрғындарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854707-kazakstanda-mektep-okusylaryna-cip-salyngany-zajly-kauesetke-ministrlik-zauap-berdi/

pixel