Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда сұлулық салонына барған келіншек айыппұл арқалады

Опубликовано:

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сұлулық салонына барған қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

иииии
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Басылымының мәліметінше, тұрғын 3 мамыр күні сұлулық салонына барған.

Әкімшілік соттың хабарлауынша, бұл айрықша жағдайға жатпайды.

Сондықтан карантин режимін бұзғаны үшін тұрғын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Бап санкциясы ретінде ескерту, әкімшілік айыппұл немесе қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

"Кәмелетке толмаған 14 жасқа толмаған балалары бар адамдар үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабы бойынша қамауға алуға тыйым салынған. Сондықтан сот Н.Е.-ге 10 АЕК, яғни 27 780 тг көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады", – деді сотта.

Айта кетейік, шедел штабтың шешіміне сәйкес, карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау үшін адамдар мен жеке көлік құралдарының қозғалысы шектелген.

Тұрғындарға тек азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дәріханалар мен дүкендерге және жұмыс орнына баруға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, төтенше жағдайда медициналық мекемеге, жазғы саяжайға баруға, үй жануарларын тұрғылықты жерге жақын жерде серуендеуге рұқсат етілген.

Айта кетейік, Қазақстанда 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. Осыған орай қалалар мен облыстарда бірқатар мекемелердің жұмысы жанданады.

Олардың ішінде шаштараз қызметіде бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854655-nr-sltanda-slulyk-salonyna-bargan-kelinsekke-ajyppl-arkalady/

pixel