Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досымжан Таңатаров пен Маржан Арапбаева мұқтаж отбасыларға ауызашар берді (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әншілер Досымжан Таңатаров пен Маржан Арапбаева Рамазан айында көмекке аса мұқтаж елордалық отбасыларға ауызашар берді. Шоу-бизнес жұлдыздары қиын жағдайда қалған жандарға тамақты арнайы үйлеріне дейін жеткізіп берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/arapbayevamarzhan/moldir.mt/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan/moldir.mt/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қазақстандық өнер иелері бір-бірімен жақсылық жасаудан жарысып жатқан көрінеді. Өткен аптада Тұрсынбек Қабатов мұқтаж 200 адамға ауызашар беріп, халықтың ыстық ықыласына бөлінген болатын.

Енді танымал әзілкештің игі бастамасын әншілер Досымжан Таңатаров пен Маржан Арапбаева жалғастырған. Олар да Рамазан айында сауапты іс істеп, тамақты көмекке зәру жанұялардың үйлеріне дейін апарып берген.

Бұл туралы Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Қос жұлдыз әзілкеш келіншегінің мейрамханасына мұқтаж адамдарға арнайы тамақ жасап, оны тиісті мекен жай бойынша жеткізуді сеніп тапсырған.

Желі қолданушылары тұрмыс жағдайы төмен отандастарына көмектескен эстрада өкілдеріне тәнті болып, оларға деген жылы лебізін білдірген.

"Жарайсыздар, сөзбен емес, іспен дәлелдеп жатырсыздар" , "Керемет, рамазан айында басталған өте жақсы іс" , "Осылай жақсылық істеп жарысыңыздар" , "Жарайсыздар, мақтан тұтамын сіздерді" , - деп жазуда көпшілік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854642-dosymzan-taatarov-pen-marzan-arapbaeva-mktaz-otbasylarga-auyzasar-berdi-foto/

pixel