Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cапарбаевтың жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болып Берік Болатұлы Нығмашев тағайындалды. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Instagram

Берік Нығмашев 2009 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "Агрохимия және топырақтану" мамандығы бойынша, 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының "Кирилловка-Айыртау" ЖШС агроном болып бастаған.

2010-2013 жылдары Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман - агрономы;

2013-2014 жылдары – ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің бас сарапшысы, өсімдік шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының басшысы, өсімдік шараушылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы;

2014-2015 жылдары – АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті мал шаруашылығының мониторингі және талдау басқармасының басшысы;

2015-2017 жылдары – Қазақстанның ауыл шауашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары;

2017 жылы – ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық кооперациясы департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Ал 2018 жылдың наурыз айынан бастап, жаңа қызметіне дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған.

Айта кетейік, бүгін елімізде кадрлық ауыс-түйістер орын алуда. Мәселен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалса, оның орына мемлекет басшысының көмекшісі болған Аида Балаева барды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854272-caparbaevty-zaa-orynbasary-tagajyndaldy/

pixel