Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат төрағасы болып сайланған Мәулен Әшімбаев туралы не білеміз

Опубликовано:

Бүгін, төртінші мамыр күні парламент палаталарының бірлескен отырысында сенат спикері болып Мәулен Әшімбаев сайланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әшімбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Фото: Әшімбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды: UGC

Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында өмірге келген.

Ол 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2016 жылы Тафтса университетін, Америка Құрама Штаттарындағы Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін аяқтаған.

Жаңадан сайланған сенат төрағасы - саяси ғылымдардың кандидаты және халықаралық қатынастар магистрі.

Кәсіби мансабы:

Әшімбаев университетті тәмәмдаған соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі чараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2012-2018 жылдары – V, VI сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы.

2018-2019 жылдары – "Nur Otan" партиясы төрағасының Бірінші орынбасары.

2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2019 жылдың 18 желтоқсаннан бері Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Мәулен Әшімбаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, парламент сенатының депутаты болып тағайындалғаны белгілі болды.

Оған қоса, Дәурен Абаевтың да қызметі ауысты. Ол ақпарат министрі лауазымынан босатылып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854247-senat-tragasy-bolyp-tagajyndalgan-mulen-simbaev-turaly-ne-bilemiz/

pixel