Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алапат дауылдан зардап шеккен Түркіменстан басшысы Өзбекстанға көмек бермек

Опубликовано:

Жойқын дауылдан бірнеше аймағы қатты зардап шеккен Түркіменстан елінің басшысы Өзбекстанның су басқан аймақтарына көмектесетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сentralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Алапат дауылдан зардап шеккен Түркіменстан басшысы Өзбекстанға көмек бермек
Фото: Сentralasian.org: Instagram

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 6 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонмен сөйлескен.

"Президент Гурбангұлы Бердымұхамедов көрші елдің су басқан аймақтарына көмектескісі келетінін айтты", - деп хабарлады Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары.

Ресми мәліметте президенттердің телефонмен әңгімелесуі өзбек тарапының бастамасымен болғаны айтылған, бірақ Өзбекстан президентінің түркімен басшысының ұсынысын қабыл алғаны немесе кері қайтарғаны белгісіз.

Айта кетерлігі, 27 сәуірде болған жойқын дауыл Түркіменстанның бірнеше аймағындағы үйлерді қиратып кеткен. Табиғат апатынан бірнеше адам қаза тапқаны анықталды.

Түркіменстан билігі дауыл туралы мәлімет бермеген, тұрғындарға апат салдары туралы айтуға тыйым салынған.

Естеріңізге сала кетсек, 8 мамыр күні өзбек тарапының бастамасымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854219-alapat-dauyldan-zardap-sekken-trkimenstan-bassysy-zbekstanga-kmek-bermek/

pixel