Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртанов екпеге қарсы шыққандарға жауап берді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екпе егуге қарсы шығып жүрген қазақстандықтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ
Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ: Facebook

Ведомство басшысы қазақстандықтарға деген үндеуін өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Елжан Амантайұлының айтуынша, кейбіреулер жалпыға ортақ вакцинацияға наразылық танытып отырған кезде, өзге мемлекеттер коронавирусқа қарсы екпе егу үшін кезекке тұрып жатыр.

Министр жақында кейбір елдерге кіру үшін аталған вакцинаның міндетті болу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда халықты вакцинациялау тәртібіне өзгерістер енгізілетіні белгілі болды. Бірқатар ауруларға қарсы екпелер міндетті болып танылады.

Кейбір қазақстандықтар аталған өзгерістерге байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында құжаттармен танысып, пікір қалдыруға болады.

Пікір білдірушілердің көбісі міндетті вакцинаға қарсы екендерін жазған.

Қазақстандықтардың пікірінше, кез-келген медициналық амалдар, соның ішінде екпе егу баланың ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен жүзеге асырылуы тиіс.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қашан әзірленетінін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854200-elzan-birtanov-ekpege-karsy-sykkandarga-zauap-berdi/

pixel