Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде танымал трюкті қайталаған әкесі мен қызы көпті таңдай қақтырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде әп сәтте таралып, танымал болған видеолар аз емес. Әсіресе, бүлдіршіндерге қатысты роликтер көптің назарын тез аударады. Солардың ішінде әкесімен бірге кішігірім жетістікке жеткен балақайдың видеосы ғаламторды "жарған" еді. Жақында Қазнетте де аталмыш трюкті қайталаған әкесі мен қызының видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТАНЫМАЛ
Скриншот видеодан алынған: facebook: Instagram

Жұрттың жүрегін елжіреткен видеоны Жанасыл Болатбек есімді Facebook қолданушысы өзінің парақшасына жүктеді.

Ол осыдан біраз уақыт бұрын желіде хит болған видеодағы әкесі мен қызының әрекетін қайталауға бел буғанын жазған.

Елорда тұрғыны өз сөзінде тұрып, Жанайым есімді кішкентай қызымен бірге аталмыш трюкті қайталаған.

"Уәде еткеніміздей, біз бұны қайталадық! Екі күн дегенде игеріп алдық!", - деп жазды Жанасыл өз видеосының анықтамасына.

Әкесі мен қызының видеосы көпшіліктің көңілінен шығып, желі қолданушылары өздерінің жылы лебіздері мен оң пікірлерін жаудырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1852887-zelide-tanymal-trukti-kajtalagan-kesi-men-kyzy-kpti-tadaj-kaktyrdy/

pixel