Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі үздік қақпашының есімі аталды

Опубликовано:

Fourfourtwo басылымының шешімімен әлемдегі үздік қақпашы болып мадридтік "Реал" мен Словения құрамасының футболшысы Ян Облак танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әлемдегі үздік қақпашылардың ондығында Ян Облак көш бастап тұр.

Екінші орынға Бразилия құрамасы мен "Ливерпуль" клубының қақпашысы Алиссон Бекер жайғасты.

Германия құрамасы мен "Барселона" сапында доп тебетін Марк-Андре тер Штеген үздік үштікке енген.

Ал төртінші-бесінші орында мадридтік "Реалдың" қазіргі және бұрынғы қақпашылары Тибо Куртуа мен Кейлор Навас тұр.

Кейлор Навас қазіргі уақытты париждік "Пари Сен-Жермен" клубының қақпасын қорғап жүр.

Ал өткен жылдың үздік қақпашыларының бірі Давид де Хеа үздік ондықты қорытындылады.

Испания құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубы футболшысының осы маусымдағы ойыны рейтингтегі орнынан төмендеуіне себеп болған.

Әлемдегі үздік қақпашылардың ондығы:

1. Ян Облак ("Атлетико") 2. Алиссон ("Ливерпуль") 3. Марк-Андре тер Штеген ("Барселона") 4. Тибо Куртуа ("Реал") 5. Кейлор Навас (ПСЖ) 6. Петер Гулачи ("РБ Лейпциг") 7. Самир Ханданович ("Интер") 8. Мануэль Нойер ("Бавария") 9. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити") 10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед")

Айта кетейік, бұған дейін Ливерпуль" клубы мен Мысыр елінің шабуылшысы Мохамад Салахтың туған ауылына мыңдаған тонна азық түлік жібергенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1851782-lemdegi-zdik-kakpasyny-esimi-ataldy/

pixel