Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілді карантин": Балкондағы халыққа концерт қойған жігіт ел қошеметіне бөленді

Опубликовано:

Карантин уақытында көршілеріне ән шырқап беретін жігіт желіде жұлдыз болды. Алматы тұрғыны Бибатыр Қалдыбаев күн сайын кешкісін балкондағы халыққа концерт беріп жүр. Балабақшада музыкант болып жұмыс істейтін ол бұл қадамға халықтың еңсесін көтеру үшін барғанын айтады. KAZ.NUR.KZ желіге таралған видео кейіпкерін тауып, әңгімеге тартқан болатын.

"Көңілді карантин": Балкондағы халыққа концерт қойған жігіт елдің құрметіне бөленді.
Коллаж: NUR.KZ: Facebook
"Өзім Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасымын. Қызылорда қаласындағы музыкалық колледжді бітіріп, Алматыда нәпақамды тауып жүрмін. Балабақшада қызмет етемін, бос уақытымда тойға шығамын. Карантин уақыты жергілікті халыққа оңай соғып жатқан жоқ. Сол себепті, халықтың көңілін көтеру мақсатында күн сайын кешке ән салып жүрмін.
Көршілердің барлығы балконнан тамашалайды. Ал мен оларға далаға шықпауын, тек өз үйлерінде тамашалауын ескертемін. Әрі кетсе 10-15 минут ән шырқап беремін. Менің негізгі мақсатым – осындай қиын кезеңде халықты бір желпінтіп, көңілін аулау", - дейді Бибатыр.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 88 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандардың саны 1179-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850644-kildi-karantin-balkondagy-halykka-koncert-kojgan-zigit-el-kosemetine-blendi/

pixel