Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнерлі өрен": Мәдениет министрлігі талантты балалар арасында байқау жариялады

Опубликовано:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 10 сəуірден бастап #onerlioren хэштегімен өткізілетін 6-18 жастағы жасөспірімдер арасында «Өнерлі өрен» республикалық байқауын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

токаев

Аталған байқау - вокал (халық, эстрадалық, академиялық), музыкалық аспапта ойнау (ішекті, пернелі, ұрмалы, үрмелі аспаптар бойынша), көркемсөз (өлең оқу шеберлігі), бейнелеу жəне қолданбалы өнер жанрлары бойынша өтеді.

Байқауға қатысушылардың жасы: 6 мен 18 жас аралығы.
  • Өнерпаздар жас шамасына қарай 6-9 жас - кіші топ, 10-13 жас - орта топ, 14-18 жас - үлкен топ болып үшке бөлінеді.

Байқауға қатысу үшін алдын ала сапалы түсірілген бейнежазба мен қатысушы туралы толық ақпаратты onerli.oren@mail.ru Onerli.Oren@gmail.com электронды поштасына жолдайды.

Байқауға қатысушы жасөспірім шығармасын жанды дауыста орындауы керек. Әр жанрдан 10 қатысушыдан топталып бақ сынайды.

Түнгі 00:00-де бір жанр, бір жас шамасындағы 10 баланың бейнежазбасы @onerli.oren insta-парақшасына #onerlioren хэштегімен және Onerli.Oren ютуб каналында жарияланады. ⠀ Дауыс беру лайк жинау арқылы тек instagram парақшасында жүргізіледі. Бір лайк - бір дауыс болып есептеледі.

  • Дауыс беру әр жанрдан 10 қатысушының бейнежазбасы жарияланған сәттен бастап 3 тәулік бойы ашық қабылданады, 3-ші күні 23:00-де дауыс беру тоқтатылады.
Жеңімпаздар 23:30-да парақшада жарияланып отырады.
  • Қатысушының бейнежазбасы парақшада сақталып тұра береді, одан әрі қарай жиналған дауыстар мен жазылған пікірлердің байқауға қатысы болмайды.

Дауыс беру қатаң сүзгіден өтетін болғандықтан, бағдарламалар (бот) арқылы берілген дауыс есептелінбейді.

  • Бірдей дауыс жинаған өнерпаздар болған жағдайда, бірдей екі орын беріледі. Әр күнгі қатысушылар арасындағы жүлде: Бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3-орын.
Жүлдегерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауреаттық дипломы беріледі. Диплом электрондық форматта көрсетілген поштаға жіберіледі. Орын алмаған қатысушыларға қатысқаны үшін дипломы беріледі.

Байқау жанрлары алдын ала жиналған бейнежазбалардың санына қарай жүреді. ⠀ Байқау соңында бас жүлде алған алған қатысушылар туралы толық ақпарат парақшада жарияланады.

  • Байланыс телефоны: 8775 840 20 03

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850177-nerli-ren-mdeniet-ministrligi-talantty-balalar-arasynda-bajkau-zarialady/

pixel